2005-жылы президенттің әлеуметтік саладағы тапсырмаларын орындауға 66 млрд. теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы президенттің әлеуметтік саладағы тапсырмаларын орындауға 66 млрд. теңге қажет

2005-жылы президенттің әлеуметтік саладағы тапсырмаларын орындауға 66 млрд. теңге қажет

Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы әлеуметтік саладағы тапсырмаларын орындауға 2005-жылы 66 млрд. теңге қажет. Бұл туралы бүгін, 2-наурызда ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісі барысында министр Гүлжан Қарағұсова мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 2 Наурыз 2005
  • 396
Фото - Caravan.kz

Г.Қарағұсованың айтуынша, 2005-жылдан бастап президент айтқан көлемде базалық зейнетақы енгізу үшін 30 млрд. теңге, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын қосуға 36 млрд. теңге қажет. «Ал үш жылға есептелген әлеуметтік саланы қаржыландыру көлеміне келсек, 2007-жылға дейін 181 млрд. теңге қажет»,- деді министр.

Сондай-ақ, журналистер сауалына жауап берген Г.Қарағұсованың айтуынша, Елбасы Ұлттық банк, Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі мен барлық облыс әкімдеріне әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтудың инфляция деңгейіне әсер етпеуі үшін тиісті шаралар қолдануға тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта