"Қазақмыс" корпорациясы тазартылған мыс өндіру мөлшерін азайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" корпорациясы тазартылған мыс өндіру мөлшерін азайтты

"Қазақмыс" корпорациясы тазартылған мыс өндіру мөлшерін азайтты

"Қазақмыс" корпорациясы 2005-жылдың қаңтар-ақпан айларында 2004-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда тазартылған мыс өндіру мөлшерін 68,2 мыңнан 63,3 мың тоннаға дейін азайтты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне корпорацияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Наурыз 2005
  • 1323
Фото - Caravan.kz

Тазартылған мыстың 63 мың тоннасы сатылса, Қытайға оның 37 мың тоннасы жөнелтілді. Қалған өнім Еуропаға жіберілді, дейді баспасөз қызметі.

2005-жылдың алғашқы екі айында мыс катанкасын өндіру мөлшері де азайып, 1,2 мың тоннаны құрады. Былтырғы жылдың тиісті мерзімінде 10,8 мың тоннасы өндірілген болатын. Тазартылған мыс пен мыс катанкасын өндіру мөлшерінің азаюына бай кендерді игеру мөлшерінің азаюы себепкер болған. Мәселен, 2004-жылдың қаңтар-ақпан айларында қазып алынған кен құрамындағы мыстың орташа мөлшері 1,30 процент босла, 2005-жылдың қаңтар-ақпан айларында ол 1,04 процент болған.
Корпорациядан хабарлауынша, мысқа кедей кендерді игеру көлемінің ұлғаюы жер қойнауын қорғау стратегиясының жүзеге асырылуына және дүниежүзілік нарықтағы баға деңгейіне байланысты. (Мәселен, Лондондағы металл биржасында 2004-жылдың ақпан айында мыстың орташа айлық құны 2759 доллар болса, 2005-жылдың ақпан айында ол 3253 долларға жетті). Аталмыш стратегия корпорацияға кендік мыс өндіру мөлшерін жалпы азайта отырып (15 мың тоннаға), тауарлық өнімнің бағасын қосуға мүмкіндік берді. 2005-жылдың екі айында корпорация 30,8 млрд. теңгенің өнімін сатты.
«Қазақмыс» корпорациясы сондай-ақ мырыш концентартын өндіру мөлшерін арттырды. Айталық, 2004-жылдың бастапқы екі айында 10,2 мың тонна өндірілсе, 2005-жылдың қаңтар-ақпан айларында 16,2 мың тоннасы өндірілді. Мырыш түгелдей Қытайға сатылды. Ал өңделмеген мырыш концентратының бір бөлігі «Қазмырышқа» жөнелтілді.
2005-жылдың бастапқы екі айында алтын құймасын өндіру мөлшері 449 тонна болды. Ал 2004-жылдың тиісті мерзімінде 433 тоннасы шығарылған болатын. Ал күміс түйіршіктерін өндіру мөлшері 102 тоннаға дейін артты. 2003-жылы бұл өнім түрінен 79 тонна шығарылған.

Перейти к новостям спорта