Стратегияда ұлттық көлік саясатын дамыту, соның ішінде көлік, салық және кеден заңнамасын жетілдіру көзделген.
«Қазақстанның көлік жүйесінде интеграциялық процестерді дамыту мен тасымал ауқымын арттыру — инфрақұрылымды тиімді пайдалануға және тасымал процесіне қатысушы барша жақтарға қолайлы жағдайлар жасауға тікелей байланысты»,- деді Ю.Лавриненко. Вице-министрдің пікірінше, «мұндай мүмкіндікке уәкілетті мекемелер, трансқұрлықтық дәлізге бірігуші барлық мемлекеттердің көлік ведомстволары тәрізді көлік рыногы субьектілерінің біртұтас көзқарастарын қалыптастырып, іс-қызметін келісе жүзеге асырған жағдайда ғана қол жеткізуге болады». Осыған байланысты ҚР көлік және коммуникация министрлігі Германиялық консорциум ұсынған Орталық Азияда транзиттік инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту жобасын Қазақстанда көлік инфрақұрылымын дамыту мақсаттарын шешудегі базалық жоба ретінде қарастыруда.
Өз кезегінде Dikaz консорциумының құрамындағы Capgemini Deutschland Holdind GmbH консалтингтік компаниясының вице-президенті Ярослав Пилектің айтуынша, қазір Dikaz консорциумына қатысушылар алдында «Қазақстандағы көлік проблемасын шешу және инфрақұрылымды дамыту мақсаты» тұр. 2006-жылы жүзеге асырыла бастайтын жоба 4 жылға созылмақ. «Dikaz консорциумы республика көлемінде жүзеге асырыла бастаған барша транспорттық жобаларға қатысуды жоспарлап отыр. Бұл аяға қуат көздерін тасымалдау инфрақұрылымын құрудан бастап жүк және жолаушы тасымалының барлық түрін дамытуға дейінгі барлық транспорт салалары қамтылады»,- деді ол.
Я.Пиалектің айтуынша, бүгін Dikaz консорциумына қатысушылар мен ҚР көлік және коммуникация министрлігі арасында жобаны жүзеге асыру мерзімі мен оның жекелеген деңгейлерінің кезегі туралы меморандуға қол қойылады деп күтілуде. «Мәселенің қаржылық жағына қатысты әзірге әңгіме қозғалмайды»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Dikaz консорциумының «Орталық Азияда транзиттік инфрақұрылым мен транспортты дамыту» жобасының басты мақсаты — Қазақстан аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін бойлай жүк тасымалының ауқымын арттыруға ықпал жасау болып табылады. Консорциумға Daimler Chrysler, Dornier Consulting, Hochtief IPC Motors, Siemens, Capgemini Deutschland Holdind GmbH. компаниялары енеді.