Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы шеңберіндегі аға лауазым иелері комитетінің жиналысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы шеңберіндегі аға лауазым иелері комитетінің жиналысы басталды

Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы шеңберіндегі аға лауазым иелері комитетінің жиналысы басталды

Бүгін, 18-наурызда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы шеңберіндегі аға лауазым иелері комитетінің жиналысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Наурыз 2005
  • 910
Фото - Caravan.kz

Отырысты ашқан ҚР СІМ-нің орынбасары Асқар Шәкіров бүгінгі кездесуде аға лауазым иелері комитетіне қатысушылар Азиядағы сенім шараларының каталогын жүзеге асыру тетіктерінің жобасын жасап ұсынуы тиіс.

А.Шәкіров Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері 2004-жылдың қазан айында қол қойған сенім шараларының каталогы дегеніміз — Азия елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту нобайы екенін және ол өзара шиеленістен біртұтас ынтымақтастық принциптерін айқындауға көшу мақсатын көздейтінін айтып өтті. Вице-министр әскери-саяси сала мен экономика, экология және гуманитарлық саладағы сенім шараларын дәйектеу тетіктерінің жобасын жасайтын екі жұмыс тобын құруды ұсынды. Екі топ та Қазақстан жағы әзірлеген ұсыныстар жобасын жұмысқа арқау етіп алмақшы.
Жиналысқа қатысушылардың екінші басты мақсаты — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығын құру туралы келісімді әзірлеу болмақ. А.Шәкіров хатшылықтың ұйым шеңберіндегі саммиттер мен кездесулерді өткізуге тиісті қолдау көрсететін және осындай отырыстар арасындағы үзілістерде жұмыс істейтін мобильді орган болуы тиіс екенін атап өтті.
Қазір ұйымға Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Үндістан, Израиль, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан тәрізді 16 мемлекет қамтылады. Ұйымға бақылаушы мәртебесіне Индонезия, Малайзия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Украина және Вьетнам елдері мен БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы, Араб мемлекеттері лигасы тәрізді бірқатар халықаралық ұйымдар ие болған.

Перейти к новостям спорта