Баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң орталықтың Орта Азия аймақтық бөлімшесін Қырғызстан аумағында орналастырудың құқықтық мәселелерін айқындайды.
ТМД-ға қатысушы елдердің антитеррорлық орталығы 2000-жылдың 20-маусымында құрылған. Ол Достастық елдерінің 11 арнаулы қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. Орталық өзара шұғыл ақпараттар алмасу, бірлескен ауқымды оперативтік-тактикалық оқу-жаттығуларды жүзеге асыру үшін құрылған.
«Юг-антитеррор» атты алғашқы жаттығулар Қырғызстанның Ош облысында 2001-жылдың сәуір айында өткізілді. Осындай жаттығулар 2005-жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанда өтеді деп күтілуде.