Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейіне қарай дүниежүзінде 122-орында - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейіне қарай дүниежүзінде 122-орында

Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейіне қарай дүниежүзінде 122-орында

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі атты көрсеткіш бойынша дүниежүзіндегі 146 елдің арасынан Қазақстан 122 орында тұр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне халықаралық Transрarency International ұйымы жариялаған "Сыбайлас жемқорлыққа қатысты дүниежүзіндегі 2005-жылғы ахуал" атты есептен мәлім болды.

  • 18 Наурыз 2005
  • 896
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлық деңгейіне қарай 122-ші орынды Қазақстан Украина және Қырғызстан елдерімен бөлісті. Бұрынғы Кеңестік республикалардың арасынан сыбайлас жемқорлық деңгейі ең төмен елге Эстония саналды. Ол 31-орында болса, Грузия 133-ші орынды Тәжікстан және Түрікменстан елдерімен бөлісіп отыр.

Сыбайлас жемқорлық дертінен бойын аулақ ұстайтын ең таза шенеуніктер Финляндия, Жаңа Зеландия, Дания, Исландия және Сингапурда тұрады. АҚШ бұл көрсеткіш бойынша 16-шы орында. Ең жоғарғы сыбайлас жемқорлық көрсеткіші Бангладеш пен Гаитиде тіркелген.
Transрarency International ұйымының есептеуінше, дүниежүзі елдерінің бюджеттері мемлекеттік қаржыны тарату барысында кем дегенде 400 млрд. доллардан қағылады екен.

Перейти к новостям спорта