Республиканың мұнайхимиясы кешеніне енгізілетін инвестиция мөлшері 2015-жылға дейін 3,8 млрд. долларды құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың мұнайхимиясы кешеніне енгізілетін инвестиция мөлшері 2015-жылға дейін 3,8 млрд. долларды құрайды

Республиканың мұнайхимиясы кешеніне енгізілетін инвестиция мөлшері 2015-жылға дейін 3,8 млрд. долларды құрайды

Еліміздің мұнайхимиясы кешенін 2015-жылға дейін дамытуға қажетті инвестиция көлемі 3,8 млрд. долларға бағаланып отыр. Бұл туралы бүгін, 18-наурызда "Қазақстандағы мұнайхимиясы саласының келешегі" тақырыбындағы І халықаралық конференция барысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасары Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Наурыз 2005
  • 653
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның мүмкіндіктеріне жасалған талдау қорытындысы елімізде мұнайхимиясы өндірістерін құрып дамытуға қажетті негізгі алғышарттар толық екенін көрсетіп отыр»,- деді Б.Ізмұхамбетов. Атап айтсақ, мұнай және газ шикізатының жеткілікті қоры бар, мұнайхимиясы технологиялары мен жабдықтары бойынша халықаралық деңгейде ұсыныстар мол болумен бірге аймақтық халықаралық рынокта мұнайхимиясы өнімдерінің нақты номенклатурасына деген сұраныс жеткілікті.

Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, Қазақстанда мұнайхимиясы өндірістерін дамытуға кедергі келтіріп отырған басты себептерге «көмірсутегі шикізатын өңдеуге қажетті өндірістік қуат тапшылығы, мұнай және газ өңдеуші, сондай-ақ, мұнайхимиясы кәсіпорындардағы технологиялардың ескіріп тозығы жетуі, өндірілген шикізат пен дайын өнімді жеріне жеткізуге қажетті көлік инфрақұрылымының дамымауы» жатады.
Вице-министрдің пікірінше, «Қазақстан үшін полиэтилен, полипропилен, стирол және полистирол, этиленгликоль, бензол және метанол сынды мұнайхимиясының базалық өнімдерін шығаратын мұнайхимиясы өндірістерін құру айрықша тиімді болмақ».
«Алдағы уақытта синтетикалық каучук, ароматты қосылыстар, мотор майлары сынды мұнайхимиясы өнімдерінің кең көлемді түрлерін, соның ішінде мұнай мен мұнай шаймаларына негізделген өнімдер шығаруға бағышталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажет»,- деді ол.
Базалық мұнайхимиясы өнімдерін өндіруге қажетті шикізат көздері ретінде түрлі кеніштерден шығатын табиғи және ілеспе газдар қолданылады. Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, «бастапқы кезеңде «Теңізшевройл» ЖШС өндіретін (жылына 6 млрд. текше метр газ) газ бен Жаңаөзен және Атырау мұнай және газ өңдеу зауыттарының тазартылған газдары шикізат түрінде қолданылады. Ал келешекте Қарашығанақ пен Қашаған шикізаты кәдеге асады».
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасарының айтуынша, бүгінде министрлікке Ресей, Германия, Италия, Жапония , АҚШ және Франциялық инвестициялық және консалтингтік компаниялардан, соның ішінде мұнайхимиясы өндірістерін пайдалануға беру және мұнайхимиясы технологияларына лицензия беру жөнінен әлемдік жетекші компанияларға жататын Linde (Германия), Technip (Франция), ABB Lummus Global (АҚШ), Lurgi (Германия), Mitsui & Co., Ltd (Жапония), Toyo Engineering Corporation (Жапония) компанияларынан мұнайхимиясы өндірістерін құру туралы ұсыныстар келіп түскен.
Сонымен бірге «Жапонияның даму институттары мен Кореяның «Самсунг» және «LG» сынды ұлттық компаниялары нақты бір мұнайхимиясы өндірістеріне мақсатты инвестициялар мен несиелік желілер ашуға әзірлік танытып отыр»,- деді Б.Ізмұхамбетов.

Перейти к новостям спорта