Бірлескен «Іздеу» шарасының аясында Ресейлік тәртіп сақшылары Қостанай облысының аумағында жасалған қылмыстарға қатысы бар екі Қазақстандық күдіктіні қолға түсірді. Мәселен, Саратовта автокөлік тонағаны үшін іздеу жарияланған 20 жастағы Қостанай азаматы ұсталса, Челябинск облысында қарулы қарақшылық шабуылға қатысқан күдікті ретінде 25 жастағы Қостанай азаматы құрықталды.
Жалпы алғанда «Іздеу» шарасының барысында Қазақстан, Ресей және Өзбекстан аумағында жасалған түрлі қылмыстарға қатысы бар 35 күдікті ұсталып, із-түзсіз кеткендер санатындағы 15 адам табылды.
«Іздеу» шарасы 25-наурызда аяқталады.