Жүк көтерімділігі 3600 тонна, суығыстырғыштық қабілеті 4245 тоннаны құрайтын баржалар түрлі мақсаттағы құрғақ және сусымалы өнімдерді саяз зонада тасымалдай алады. Жүк толық тиелген жағдайда баржалар 3,5 метрге шөгеді. Бұл — баржаларды Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі мұнай-газды блоктарды игеру үшін жүк тасымалында пайдалануға мүмкіндік береді.
Алаң-баржаларды салу теңіздегі операцияларды қолдау үшін флот құру жобасының аясында 2005-жылы жүзеге асыруға межеленген. Сонымен бірге үш магистралдық буксир, екі танкер-бункер, екі трюмды баржа және рейдтік катер сатып алу көзделіп отыр.
Ал 2003-2004-жылдары аталмыш мақсатта «КМТФ-1» теңіз буксирі сатып алынып, «КМГ-101» және «КМГ-102» баржа-алаңдары салынды. Олар Каспий қайраңында мұнайгаз кеніштерін игеру операцияларын жүзеге аыру үшін жасанды аралдар тұрғызуға арналған жүктерді тасу ісінде қолданылуда.