Жамбыл облысының Байзақ ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 485-шақырымында «ГАЗ-31029» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен бес жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.
Қызылорда облысының Шиелі ауданында Самара-Шымкент тас жолының 1933-шақырымында «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы, соның ішінде 3 және 7 жастағы екі бала ауруханаға түсті.