Сенаторлар заң жобасына техникалық сипаттағы бірқатар түзетулер енгізді, деді жалпы отырыста мәжіліс депутаты Ғаділбек Шалахметов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды шешуге мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен кеңінен атсалысуына құқықтық негізді қамтамасыз ету және халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемін арттыру мақсатымен жасалған.
Бұған қоса мәжіліс депутаттары «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, сенаттың түзетулерімен келісті. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заңға сәйкес жобаланған бұл түзету байқауға өтініш бермей-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу ісін заңдық тұрғыда реттеуге бағытталады.