Еліміздегі телефон желісін сандық жүйеге көшіру деңгейі 60 процентке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі телефон желісін сандық жүйеге көшіру деңгейі 60 процентке жетті

Еліміздегі телефон желісін сандық жүйеге көшіру деңгейі 60 процентке жетті

Еліміздегі телефон желісін сандық жүйеге көшіру деңгейі 2004-жылы 60 процентке жетті. Бұл туралы бүгін, 23-наурызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Қазақтелеком" АҚ-ның президенті Қайрат Кәрібжанов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Наурыз 2005
  • 416
Фото - Caravan.kz

«2003-жылы бұл көрсеткіш 53 процентті құраған»,- деді ол. Оның айтуынша, бүгінде ауылдық жерлердегі телефон желісін сандық жүйеге көшіру деңгейі 30 процентті, қалалық жерлерде 67,4 проценті құрайды.

Қайрат Кәрібжановтың хабарлауынша, 2005-жылдың алқашқы жартысында 50-ден артық тұрғыны бар 886 ауылдың 350-і телефон желісіне қосылды. Өткен жылы компания қаржысының есебінен 277 елді мекен телефон байланысымен қамтамасыз етілді.

Перейти к новостям спорта