Қ.Нағмановтың түсініктемесіне сәйкес, әуе компаниясының мүліктерін бір лотпен сату туралы шешім 2004-жылы қабылданған. «Осы бағытта 11 байқау өткізілді»,- деді ол. Алайда, «әзірге мұндай инвестор табылмай отыр»,- деді Қ.Нағманов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 19-мамырында Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-ын банкрот деп тану процедурасын бастау туралы Алматы экономикалық сотының шешімін негізді деп жариялады.
«Эйр Қазақстан» әуе компаниясы 2004-жылдың ақпан айында тұрақты рейстерді жүзеге асыруды доғарды.