Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің мақсаты — қорғанысты бірлесіп қамтамасыз ету үшін күш біріктіру және келісілген әрекеттерді жүзеге асыруға саяды. Құжатқа сәйкес, уәкілетті мекемелер — ҚР және РФ қораныс министрліктері — әскери-саяси ахуалды бірлесе талдап, әскери коалициялық топтың құрамын анықтап, республикалардың заңдарына сайоларды бірлесіп пайдалану туралы жоспар құратын болады. Сонымен бірге екі елдің қорғаныс мекемелері әскерді бірлесіп пайдалануды жоспарлауға қатысты құжаттардың тізімін, бұл құжаттардың күшіне ену мерзімі мен ретін келісіп, өзара ықпалдастықты ұйымдастырып жүзеге асыру, коалициялық топқа қамту үшін сұрыпталған әскерлер арасындағы байланыс пен жасырын басқару принциптерін жобалайды.
Бастапқыда 5 жыл мерзіммен қол қойылған келісім алдағы уақытта автоматты түрде осындай мерзімге ұзартылып отырады.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.
Ресей бұл келісімді 2005-жылдың ақпан айында бекіткен.