Парламент Қазақстан мен Словакия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан мен Словакия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Парламент Қазақстан мен Словакия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті

Бүгін, 24-наурызда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары ҚР мен Словакия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы туралы үкіметаралық келісімді бекітті ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 24 Наурыз 2005
  • 331
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мәселе бойынша палата отырысында баяндама жасаған ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Ерлан Қошановтың айтуынша, келісімнің мақсаты — Қазақстан мен Словакия арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, екі ел арасындағы автокөлікпен жүзеге асырылатын жүк тасымалы талаптарын жеңілдету болмақ. Келісім Қазақстан мен Словакия арасындағы

халықаралық автокөлік қатынасын аясында жүк және жолаушы тасымалын, осы аумақтар арқылы өтетін транзитті тасымалды, сондай-ақ, екі мемлекет аумағында тіркелген көлік құралдарымен үшінші ел арқылы жүк тасымалдауды реттейді.
Келісімге 2004-жылдың 31-мамырында Братиславада қол қойылған.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта