Шағын және орта бизнесті қолдау - мемлекет саясатының іргетасы - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын және орта бизнесті қолдау - мемлекет саясатының іргетасы - ҚР президенті

Шағын және орта бизнесті қолдау - мемлекет саясатының іргетасы - ҚР президенті

Жеке кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау - мемлекет саясатының іргетасы болмақ. Бұл туралы бүгін, 25-наурызда Астанада кәсіпкерлер конгрессінде сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Наурыз 2005
  • 692
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде біз елімізде кәсіпкерлікті дамытудың келешегі төңірегінде айқын көзқарас қалыптастыра алдық»,- деді ол.

Елбасының айтуынша, Қазақстан экономикасында шағын және орта кәсіпкерліктің үлес салмағы 25 процентті құрайды. Ел экономикасының жеке секторында тұрғындардың 60 проценті жұмыспен қамтылған. Соңғы жылдары мемлекетіміз кәсіпкерлікті дамыту бағытында 5 бағдарламаны жүзеге асырды. «Қазір шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған үдемелі шаралар туралы 2005-2007-жылдарға арналған жаңа ауқымды бағдарлама жобасы жасалуда»,- деді Н.Назарбаев. «Біз кәсіпкерлікті аяқтан шалатын бюрократиялық тосқауылдарды мейлінше азайта түстік»,- деді ҚР президенті.
Елбасының айтуынша, тек соңғы жылдары лицензиялы қызмет түрлері 350-ге азайды. «Кейбір лицензия түрлерін беру құқығы аймақтық деңгейге жүктелді, ал оларды беру процедуралары жеңілдетілді»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта