2005-жылдың аяғына дейін кәсіпкерлік саласына қатысты біртұтас заң қабылдау қажет - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың аяғына дейін кәсіпкерлік саласына қатысты біртұтас заң қабылдау қажет - ҚР президенті

2005-жылдың аяғына дейін кәсіпкерлік саласына қатысты біртұтас заң қабылдау қажет - ҚР президенті

2005-жылдың аяғына дейін кәсіпкерлік саласына қатысты біртұтас заң қабылдау қажет. Бұл туралы бүгін, 25-наурызда Астанада кәсіпкерлер конгрессінде сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Наурыз 2005
  • 425
Фото - Caravan.kz

«Бұл заңда кәсіпкерлік іс-қызметке байланысты бағыттарды, принциптер мен көзқарастарды бекіту қажет»,- деп атап көрсеткен Н.Назарбаев заң жобасы бойынша жұмыстарды парламент пен үкімет кәсіпкерлермен бірлесе отырып жүзеге асыруы тиіс деп шегеледі.

Сонымен бірге мемлекет басшысының айтуынша, «биыл компанияны шағын және орта бизнес саласына жатқызу өлшемдерін қайта қарау қажет. Соның ішінде аталмыш компанияларда жалданып жұмыс істейтін адамдардың саны, жылдық ақша айналымы, Қосалқы құн салығы бойынша есепке тұруға қажетті қаржы айналымының мөлшері сынды көрсеткіштерді арттыру керек». «Сонымен қатар жылдың аяғына дейін кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік тосқауылдарды жоюға, шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін арнайы салық режимін қолдану аясын кеңейтуге заңнама шеңберінде шаралар қолдану қажет»,- деді ол.
Президент конгресте қабылданған жалпыреспубликалық сарапшылық кеңестер желісін құру туралы шешімді қолдайды. «Бұл бастама кәсіпкерлер мен мемлекет арасында диалог орнату үшін қажетті, ықпалды әрі беделді тағы бір ұйым құруға мүмкіндік береді деп сенемін»,- деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы «бүгінде жергілікті бизнестің адамдар, қоғам және мемлекет алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктің бір бөлігін өзіне жүктеп алуға дайын» екенін атап өтті. «Сіздердің іс-қызметтеріңіз республика аясындағы барлық әлеуметтік бағдарламалармен байланысты болуға тиіс деп ойлаймын»,- деді Елбасы конгресс қатысушыларына.

Перейти к новостям спорта