Орталық Азия аймағы үшін Қырғызстандағы саяси тұрақтылықтың маңызы зор - Шанхай ынтымақтастық ұйымы - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия аймағы үшін Қырғызстандағы саяси тұрақтылықтың маңызы зор - Шанхай ынтымақтастық ұйымы

Орталық Азия аймағы үшін Қырғызстандағы саяси тұрақтылықтың маңызы зор - Шанхай ынтымақтастық ұйымы

"Орталық Азия аймағы , соның ішінде жалпы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрайтын кеңістік үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықтың маңызы зор". Бүгін, 25-наурызда Шанхай ынтымақтастық ұйымының атқарушы хатшысы Чжан Дэгуан өз мәлімдемесінде осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Наурыз 2005
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі болып табылатын Қырғызстан Республикасы ұйымның аяғынан тік тұруы мен дамуына ауқымды үлес қосты және ұйым шеңберіндегі көп жақты ынтымақтастыққа белсене атсалысып келеді»,- деді Ч.Дэгуан. «Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қырғызстандағы оқиғалардың өрбу барысын алғашқы сәттен бастап жіті қадағалап отыр»,- деді ол.

«Қазіргі таңда Қырғызстандағы оқиғалардың Конституция аясында өрбіп, ұлттық келісім мен бейбітшілік орнап, қоғамдық тәртіптің орнығуы айрықша маңызды»,- деді ол. «Бұл — Қырғыз халқының, Қырғызстан Республикасында тұрақтылық пен бейбітшілік орнауын қалайтындардың мүддесіне сәйкеседі»,- деді Ч.Дэгуан.

Перейти к новостям спорта