Қазақстандық сенаторлар Қырғызстанда экстремизмнің етек алу қаупіне алаңдаушылық білдіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық сенаторлар Қырғызстанда экстремизмнің етек алу қаупіне алаңдаушылық білдіреді

Қазақстандық сенаторлар Қырғызстанда экстремизмнің етек алу қаупіне алаңдаушылық білдіреді

Қырғызстанда экстремизмнің етек алу қаупі бар. Журналистерге берген сұхбатында ҚР парламенті сенатының депутаты Владимир Алесин осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Наурыз 2005
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Жағдай бақылаудан шығып, билік басқарусыз тобырдың қолына көшті. Ахуал күтпеген бағытта өрбіп келеді. Артынша түрлі экстремистік әрекеттерге жол берілу ықтималдығы зор. Егер исламдық сипаттағы экстремизм алғы шепке шықса, онда тіптен өкінішті болар еді»,- деді В.Алесин.

Депутаттар Қырғызстанда бүкілхалықтық тәртіпсіздіктің белең алуына экономикалық тұрақсыздық әсер етті деген пікірге бірікті. Ал сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Жабайхан Әбділдин бұл оқиға бойынша президент Асқар Ақаевтың еш кінәсі жоқ деп мәлімдеді. Сенатор А.Ақаевтың демократиялық және либералдық құндылықтарды ұдайы қолдап келгенін, «дегенмен обьективті экономикалық қиындықтар оппозициялық пиғылдағы адамдардың ереуілге шығуына түрткі болғанын» атап өтті.
Сенаторлар Қазақстанда Қырғызстандағы оқиғаның қайталану мүмкіндігі жоқ дегенге сенім білдірді. «Бүгінгі Қазақстан — экономика және инвестиция саласындағы жетекші ел. Еліміздің ресурстары жұмыс істей бастады, біз дағдарыстан құтылдық, елімізде жұмыс орындары құрылуда. Бұлардың барлығы да еліміздің экономикалық жетістіктерінің қуаттылығын паш етеді»,- деді Ж.Әбділдин.

Перейти к новостям спорта