Қазақстанда саяси тұрақтылықты қорғау жөніндегі халықтық-демократиялық фронт құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда саяси тұрақтылықты қорғау жөніндегі халықтық-демократиялық фронт құрылды

Қазақстанда саяси тұрақтылықты қорғау жөніндегі халықтық-демократиялық фронт құрылды

Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партиялары ел ішіндегі саяси тұрақтылыққа сырттан әсер ету талпыныстарынан қорғау үшін халықтық-демократиялық фронт құруға шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін, 25-наурызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында партиялардың жетекшілері Ромин Мәдинов пен Азат Перуашев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Наурыз 2005
  • 634
Фото - Caravan.kz

Фронт құрылу себебіне түсініктеме берген Аграрлық партия төрағасының орынбасары Владимир Челышевтің айтуынша, «мақсат — халықтың таңдау білдіру еркіндігін қорғау болып табылады». «Сайлауда кім жеңсе, сол билік органында халық өкілі міндетін атқаруы тиіс»,- деді ол.

Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партиялары Қазақстандағы барлық билік тармақтарының жетекшілерінен «елімізде Қырғызстандағы секілді оқиғаға жол бермеу үшін шаралар қолдануды» талап етті.
«Еліміздің экономикалық , адами, әлеуметтік және саяси әлеуеті зор. Сол себепті Қырғызстанда жүзеге асырылған жоба авторлары үшін республикамыз үлкен қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Осыған байланысты Қазақстанда да осы тектес жобаны жүзеге асыру жөніндегі жоспар жоқ деп бойды босқа салу аңғалдық болар еді»,- дейді А.Перуашев.

Перейти к новостям спорта