Шығыс Қазақстан облысында май өндіру зауытында өрт шығып, бір адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында май өндіру зауытында өрт шығып, бір адам зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысында май өндіру зауытында өрт шығып, бір адам зардап шекті

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы май өндіру зауытында шыққан өрт салдарынан кәсіпорынның бір жұмысшысы күйікке шалдықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Наурыз 2005
  • 688
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, «Марат» ЖШС-іне қарасты май өндіру зауытының экстракциялық цехында 28-наурыз күні таңертең ерте өрт шықты. Жалын цехтың жабдықтары мен шатырын шарпып, 500 шаршы шақырымды қамтыды. Өрт салдарынан 45 жастағы кәсіпорынның бір жұмысшысы күйікке шалдығып ауруханаға түсті.

Өрт екі сағаттан кейін өшірілді. Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 30 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Перейти к новостям спорта