Еліміздің солтүстігінде 878 адам қар құрсаудан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің солтүстігінде 878 адам қар құрсаудан босатылды

Еліміздің солтүстігінде 878 адам қар құрсаудан босатылды

25-27-наурыз күндері Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында қарлы бұрқасын салдарынан жолдарда қардың құрсауында қалған 878 адам мен 395 автокөлік құтқарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Наурыз 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

Министрліктің хабарлауынша, желдің жылдамдығы секундына 18-23, кей жерлерде секундына 25-28 метрге жетті. Боранның зардаптарын жойып, адамдар мен техниканы көшіруге барлығы 369 адам мен 173 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 42 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.

28-наурыздағы жағдаймен Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Хромтау, Қандыагаш-Эмба-Шалқар (Ақтөбе облысы ) және Қостанай-Арқалық (Қостанай облысы) автотораптарын қоспағанда, республикалық маңызы бар барлық жолдар ашық тұр.
«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша 28-наурызда Астанада жылдамдығы оңтүстік батыстан секундына 18 метрге жететін боран соғады.

Перейти к новостям спорта