Қытай Халық Республикасына 66 мың доллар алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай Халық Республикасына  66 мың доллар алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

Қытай Халық Республикасына 66 мың доллар алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды

Қытай Халық Республикасына жасырын жолмен 66,7 мың доллар алып өтпек болған Қазақстан азаматшасы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Наурыз 2005
  • 446
Фото - Caravan.kz

Күдікті «Қорғас» кеден бекетінде төлқұжат тексеруінен өтіп, Қытайға бет алған автобусқа отырғалы жатқан сәтте қолға түсті. Декларацияда жазылмаған ақша жеке тексеру кезінде табылды.

Солтүстік Қазақстан облысында «Қаратоға» шекара заставасында Петропавл-Есілкөл тоқ поезымен кетіп бара жатқан үш Ресей азаматы ұсталды. Ұсталғандардан жалпы құны 200 мың теңге тұратын, декларацияда көрсетілмеген күнделікті тұтыным тауарлары алынды.
Павлодар облысында «Ұрылы төбе-автомобильный» өткелегінде шекарашылар автокөлікпен Ресейден Қазақстанға бет алған бір Қазақстан азаматы мен азаматтығы жоқ бір адамды ұстады. Ұсталғандардың заттарына жүргізілген тінту нәтижесінде 10 грамм марихуана, 1800 жылғы 9 ескі тиын, көне зергерлік бұйымдар, КСРО медальдары мен жыланның уы бар қорап табылды.
Жалпы 21-27-наурыз аралығындағы өткен аптада ҚР мемлекеттік шекарасын бұзған 274 адам ұсталды. 20 контрабандалық әрекетке тосқауыл қойылды.

Перейти к новостям спорта