Д.Гранттың айтуынша, 2005-жылы Халықаралық іскерлік кеңес мүшелері республикаға 80 млн. доллар көлемінде инвестиция енгізуді жоспарлаған. «Қазір бұл инвестицияның тағдыры неғайбіл күйде»,- деді ол. Қырғызстан экономикасына салынатын болашақ капитал алдағы апталардағы ел ішіндегі тұрақтылыққа байланысты, деді ол.
Халықаралық іскерлік кеңеске мүше компаниялар шығынды мемлекеттік бюджет қаржысының есебінен өтеп беруді талап етпекші. Шығынның өтемі ретінде Д.Грант зардап шеккен компанияларға салықтан жеңілдіктер жасауды сұрап отыр.
Қазіргі жағдаймен халықаралық іскерлік кеңеске 70 ірі шетелдік және отандық инвесторлар мүше.