Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің "Шеп-2005" бітімгершілік оқу-жаттығулары Тәжікстан аумағында өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің "Шеп-2005" бітімгершілік оқу-жаттығулары  Тәжікстан аумағында өтеді

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің "Шеп-2005" бітімгершілік оқу-жаттығулары Тәжікстан аумағында өтеді

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің "Шеп-2005" бітімгершілік оқу-жаттығуларының екі фазасы да Тәжікстан аумағында өтеді. Бұл туралы бүгін, 28-наурызда KZ-today тілшісіне Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығының бастығы Заробиддин Сироджов хабарлады.

  • 28 Наурыз 2005
  • 418
Фото - Caravan.kz

Оқу-жаттығулар бұрын межеленгендей, 29-наурызда емес, 2-сәуірде Тәжікстанның оңтүстігіндегі бір полигонда басталады. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің «Шеп-2005» бітімгершілік оқу-жаттығуларын өткізу жоспарына Қырғызстанда соңғы тәуліктерде болған оқиғаларға байланысты өзгерістер енгізілген.

«Шеп-2005» бітімгершілік оқу-жаттығуларының бірінші фазасы сәуірдің 2-4 аралығында командалық-штабтық жаттығулар түрінде өткізіледі. Ал 4-6-сәуірге межеленген екінші фазасында Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан және Ресейдің әскери бөлімшелері жауынгерлік атыстан тактикалық жаттығулар өткізбекші.
Бес күнге созылатын оқу-жаттығулар барысында Орталық Азия республикаларының егемендігі мен аумақтық біртұтастығын қорғау мақсатында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қолдану және басқару бағытында бірлескен шешімдерді жүзеге асыру мәселелері бойынша машықтану көзделген.

Перейти к новостям спорта