Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссиясы мүшелерінің саны көбейтілді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі  ұлттық комиссиясы мүшелерінің саны көбейтілді

Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссиясы мүшелерінің саны көбейтілді

Бүгін, 29-наурызда Астанада өткен Қазақстан президентінің жанындағы азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысында комиссия мүшелерінің саны көбейтілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Наурыз 2005
  • 328
Фото - Caravan.kz

Комиссия құрамына ЮНЕСКО-ның жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сергей Терещенко, мәжіліс депутаты Тоқтар Әубәкіров пен Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев енді.

Комиссияның жаңа мүшелерін таныстырған ұлттық комиссияның төрағасы Болат Өтемұратов оларды «еліміздегі беделді тұлғалар» деп атады. Осы орайда ол комиссияның «жаңаша жұмыс деңгейіне көтерілгенін» және «әлеуетті толық пайдалануды талап ететінін» атап өтті.