Қазақстан оппозициясы Елбасын тікелей диалогқа шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан оппозициясы Елбасын тікелей диалогқа шақырады

Қазақстан оппозициясы Елбасын тікелей диалогқа шақырады

Демократиялық күштердің "Әділетті Қазақстан үшін" сайлауалды блогы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "тікелей диалогқа шақырады". Бүгін, 29-наурызда Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында блок өкілдері мемлекет басшысына арнап осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Наурыз 2005
  • 415
Фото - Caravan.kz

Бірақ оппозиция өкілдері «бұл диалог елдің даму жолдары туралы болмайтынын» мәлімдеді. «Келіссөздердің басты шарты — биліктің алдағы уақытта әділетті әрі адал сайлау өткізуге ықыласы бар екенін паш етуге әзірлік танытуы болмақ»,- деді демократиялық күштердің «Әділетті Қазақстан үшін» сайлауалды блогының жетекшісі Жармахан Тұяқбай. Блок өкілдері «келіссөздер делдалдардың қатысуынсыз бетпе-бет жүргізілсін» деп талап етуде.

Сонымен бірге Ж.Тұяқбай егер билік тарапынан ешбір қадам жасалмаған жағдайда Грузия мен Украинадағы ахуалдың Қазақстанда да қайталануы мүмкін екенін мәлімдеді.