Парламент "Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  "Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Парламент "Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 30-наурызда өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулрмен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордадан.

  • 30 Наурыз 2005
  • 431
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы Елбасының жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жасалған. Өзгерістер бірінші кезекте жинақталуы тиіс қаржы мөлшерін келісім-шартында көрсетілген соманың 50 процентінен 25 процентіне дейін азайтуға, ал республикалық бюджеттен салымдарға сәйкес төленетін сыйлық мөлшерін 60-тан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруға бағытталады.
Сенат түзетулерінің салыстырма кестесіне 13 мәселе енгізілген. Ұсыныстардың басым бөлігі редакциялық және нақтылау сипатында. Сонымен қатар заңгерлік техникаға қатысты түзетулер енгізілген.

Перейти к новостям спорта