Қазақстанда тағы бір венчурлық қор құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тағы бір венчурлық қор құрылды

Қазақстанда тағы бір венчурлық қор құрылды

ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі "Сентрас венчурлық қоры" атты акционерлік инвестициялық қорды тіркеді. Қор тәуекелді жобаларға инвестиция жұмсаумен шұғылданатын болады. Бұл туралы бүгін, 30-наурызда Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында Сентрас Секьюритиз басқарушы компаниясының бас директоры Елдар Әбдіразақов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Наурыз 2005
  • 1686
Фото - Caravan.kz

Басқарушы компания жетекшісінің айтуынша, қор отандық ғалымдардың ғылыми жаңалықтарын коммерциялық сипатқа көшіру үшін құрылып отыр. Е.Әбдіразақовтың пікірінше, Қазақстан ғылымының зор әлеуетін жүзеге асыру республикаға халықаралық экономикалық қоғамдастықтың бәсекеге қабілетті қатысушысына айналуға мүмкіндік береді.

Ұлттық инновациялық қордың төрағасы Госман Әмриннің пікірінше, венчурлық қорларды жаңа экономикамыздағы жаңа қаржылық құрал деп санау қажет. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуді көздейді.
Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығының директоры Нұралы Бектұрғановтың айтуынша, Қазақстан ғылымының бір осалы тұсы — менеджменттің жоқтығы болмақ. Отандық ғалымдар үшін өз идеялары мен ғылыми жаңалықтарын қаржыландыруға дайын жоба түрінде рәсімдей алмауы басты тауқымет. Осыған байланысты елімізде жаңадан қалыптаса бастаған менеджерлер институты венчурлық қорлардың ашылуы арқасында ғылыми жобаларға деген сұраныс проблемасын шеше алады.
Сентрас венчурлық қорының президенті Тобыл Жылқыбаевтың айтуынша, қазір қор 30-ға жуық жобаны қарап жатыр.
Қордың капиталы Ұлттық инновациялық қордың үлесін қоса есептегенде 2,6 млрд. теңге немесе 20 млн. долларды құрайды.

Перейти к новостям спорта