Министрліктен хабарлағанындай, ұңғылардан атқылаған мұнайды жел нысандардан жыраққа қарай алып кетуде. Апат зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің «Ақберен» РМКК-ның шұғыл тобына жататын 14 адам мен 4 техника жұмылдырылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ұңғы тиегінің сынуы салдарынан мұнай атқылай бастаған болатын.