Астанада Қазақстан және Грузия президенттері келіссөздер жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан және Грузия президенттері  келіссөздер жүргізуде

Астанада Қазақстан және Грузия президенттері келіссөздер жүргізуде

Бүгін, 31-наурызда Астанадағы "Ақ орда" сарайында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Грузия президенті Михаил Саакашвили келіссөздер жүргізуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Наурыз 2005
  • 395
Фото - Caravan.kz

Екі мемлекет басшысының бетпе-бет жүздесуінен кейін келіссөздер кеңейтілген құрамда жалғасады. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады.

Атап айтсақ, «Лаңкестік, есірткі және психотроптық заттар, олардың баламалары мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен, сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыс түрлерімен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы» үкіметаралық келісімге, сондай-ақ, Ақтау және Поти айлақтары мен Астана және Тбилиси қалалары арасында бауырлстық байланыстар орнату туралы меморандумдарға қол қойылады деп межеленген.
Тараптар парламентаралық, мекемеаралық және аймақаралық байланыстар аясын кеңейту, лаңкестікпен күрес, транзиттік-транспорттық әлеуетті арттыру, көмірсутегі шикізатын тасымалдау, өнеркәсіп саласын дамыту және жаңалау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық орнатудың келешегі туралы талқылайды.
«Интерконтиненталь» қонақ үйінде екі елдің іскертоп өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі. Грузия президенті Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары құрамымен жүздеседі.
31-наурызда кешкісін Қазақстан президентінің атынан Грузия мемлекет басшысының құрметіне ресми қонақасы беріледі.
1-сәуірде Грузия өкілдері Тбилисиге оралады.

Перейти к новостям спорта