Грузия Қазақстанның қуат көздеріне қызығушылық танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия Қазақстанның қуат көздеріне қызығушылық танытты

Грузия Қазақстанның қуат көздеріне қызығушылық танытты

"Грузия Қазақстанның қуат көздеріне қызығушылық танытып отырса, біз Кавказдың, соның ішінде Грузияның транзиттік әлеуетін пайдаланудан мүдделіміз". Бүгін, 31-наурызда Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Грузия президенті Михаил Саакашвилимен келіссөздерден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Наурыз 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге екі жақ та «Қазақстанның Грузияға инвестиция жұмсауынан, өзара мәдени алмастықтар мен мамандар алмасудан мүдделі».

Н.Назарбаевтың айтуынша, кездесу барысында «халықаралық саясат, соның ішінде ТМД аясындағы саясат төңірегінде» пікір алмасылды. «Екі жақтың ұстанымы негізінен бір арнада тоғысады»,- деді Елбасы. «Грузия — халықаралық істер бойынша Қазақстанның әріптесі, екі мемлекет те лаңкестікпен және экстремизммен күресуде, жүргізіп отырған саясаты да ұқсас»,- деді Н.Назарбаев.

Перейти к новостям спорта