Алматы полициясы инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер туралы ақпарат үшін 10 мың доллар тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер туралы ақпарат үшін 10 мың доллар тағайындады

Алматы полициясы инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер туралы ақпарат үшін 10 мың доллар тағайындады

Алматы полициясы инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер туралы ақпарат үшін 10 мың доллар тағайындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Сәуiр 2005
  • 516
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24-наурызда «Шыңғыс» ақша айырбастау бөлімшесінің жанында инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Екі инкассатор оқиға орнында мерт болып, тағы біреуі оқ тию салдарынан ауруханада көз жұмған. Қарақшылар 150 мың евроны қолды болдырып, қылмыс орнынан «ВАЗ-2106» автокөлігімен із жасырған. Соңынан полиция автокөлік пен шабуылшылардың Калашников атоматын, сондай-ақ, қаза тапқан бір инкассатордың «Сайга» атты карабинін тауып алды.

Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, үш күдікті де Еуропалық нәсілді адамдар. Екеуі 35-40, ал үшіншісі 40-45 жас шамасында. Күдіктілердің фотороботы полицияның ресми сайтында орналастырылған.

Перейти к новостям спорта