Ә.Бекназаровтың айтуынша, көл жағалауындағы 20 нысанды жеке меншікке берудің заңдылығын қайтадан қарау көзделіп отыр. Әсіресе 2003-2004-жылдарда жүзеге асырылған сауда-саттық шараларына баса назар аударылмақ. «Егер бұл нысандардың заңсыз жекешелендірілгені анықталып жатса, олар қайтадан мемлекеттің иелігіне өтеді»,- деді ол.
Ә.Бекназаров осы орайда прокуратура органдары сыбайлас жемқорлық, бюджет қаржысы мен несиелерді мақсатсыз пайдалану, мемлекеттік меншіктегі басқа нысандарды заңсыз жекешелендіру деректері бойынша тексеру жүргізе бастағанын хабарлады. Атап айтсақ, 2005жылдың ақпан-наурыз айларындағы сайлау науқаны барысында бюджет қаржысының пайдаланылу жағдайына тексерулер жүргізілуде.