Мәскеуде Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше елдердің алғашқы интеграциялық форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше елдердің алғашқы интеграциялық форумы өтеді

Мәскеуде Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше елдердің алғашқы интеграциялық форумы өтеді

Ресейдің өнеркәсіп және энергетика министрлігі 2005-жылдың 7-8-сәуірінде "Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь республикаларының Біртұтас Экономикалық кеңістігі : мүмкіндіктер, проблемалар, келешек" тақырыбы бойынша алғашқы интеграциялық форум өткізеді. Бұл туралы РФ өнеркәсіп және энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Сәуiр 2005
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Форумның мақсаты — Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше елдердің интеграциялық саясатының ағымдағы басымдық берген мәселелерін республикалар өкілдерінің, бизнес пен сарапшылар қоғамдастығының талқысына ұсыну болып табылады. Бұл — кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топқа барлық мүдделі тараптардың пікірін назарда ұстауға мүмкіндік береді»,- делінген баспасөз баянында.

Форумда Лондон экономика мектебінің «Біртұтас Экономикалық кеңістік : мүмкіндіктер, проблемалар, келешек» тақырыбы бойынша дайындаған баяндамасы таныстырылады. Беделді батыс институты ТМД аумағындағы интеграциялық перспективаға тұңғыш рет зерттеулер жүргізіп отыр.
Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі жоғары дәрежелі топ құрамындағы қазақстандық өкілдерді ҚР үкімет басшысының орынбасары- индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев басқарады.

Перейти к новостям спорта