Таразда тәртіп сақшысы кісі қолынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда тәртіп сақшысы кісі қолынан қаза тапты

Таразда тәртіп сақшысы кісі қолынан қаза тапты

Таразда тәртіп сақшысы кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Жамбыл облыстық ІІБ-дағы сенімді ақпарат көзі хабарлады.

  • 1 Сәуiр 2005
  • 472
Фото - Caravan.kz

Мәлім болған ақпаратқа сәйкес, 22-наурызға қараған түні капитан Жандос Бектаиров «Боран» мобильді тобының күшін толықтыру үшін жіберіледі. Темір жол бекетінің маңында тәртіп сақшылары ішінде беймәлім екі адамы бар, номерсіз автокөлікті көреді. Ж.Бектаиров адамдардың аты-жөнін білу үшін автокөлікке таяп барған. Сол сәтте көлікте отырғандар оқ атып, ол тәртіп сақшысының самайынан тиеді. Күдіктілер оқиға орнынан іздерін жасырып үлгереді.

Жаралы капитан ауруханаға жеткізіліп, 6 сағаттан кейін қайтыс болады. Қаза тапқан тәртіп сақшысының екі баласы жетім қалды.
Тексеру барысында белгілі болғанындай, учаске инспекторында қару болмаған. Қылмыс орнынан МП-461 «Стражник» деп аталатын тапанша табылды.
Қазіргі жағдаймен кісі өлтірген күдіктілердің аты-жөні анықталды. Олар іздестіріліп жатыр.

Перейти к новостям спорта