ТұранӘлемБанкі 2005-жылы елімізде 400 жаңа банкомат орнатады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТұранӘлемБанкі 2005-жылы елімізде 400 жаңа банкомат орнатады

ТұранӘлемБанкі 2005-жылы елімізде 400 жаңа банкомат орнатады

ТұранӘлемБанкі 2005-жылы елімізде 400 жаңа банкомат орнатып, олардың санын 570-ке жеткізеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ТұранӘлемБанкі"АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Сәуiр 2005
  • 353
Фото - Caravan.kz

Қарапайым банкоматтармен бірге атқаратын функцияларының аясы кеңейтілген (сash-in) банкоматтары да орнатылмақ. Олар ақша алумен бірге қабылдау функциясын да атқарады. «Жаңа банкоматтардың мүмкіндіктері біршама арттырылған. Олар банк клиенттеріне тек қолма-қол ақша алумен шектелмей, сонымен бірге өз есепшоттарын толықтыру, ақша жолдау, несиелік жарналарды тапсыру, коммуналдық төлемдер мен ұялы байланыс операторларына төлем жасау тәрізді түрлі қызмет ақысын төлеуге де мүмкіндік береді»,- деп хабарлайды банктегілер.

2005-жылы ТұранӘлемБанкі сонымен бірге Қазақстанда тұңғыш рет өзіне өзі қызмет етуге бағытталған терминалдар желісін құрмақшы. Бұл клиенттерге банк өнімдері мен қызмет түрлерін 24 сағат аясында тұтынуға мүмкіндік береді.