«Қазақстанда Аса Қасиетті Папа Иоанн ІІ Павелдің қазасы туралы хабар терең қайғы- қасіретпен қабылданды»,- делінген жеделхатта.
«Кароль Войтыла адамзат тарихына ғаламдық ауқымдағы аса көрнекті тұлға ретінде енді. Ол барлық халықтар мен діндер арасында бейбітшілікті нығайту мен өзара түсіністікке қол жеткізу ісіне баға жетпес үлес қосты».
«Көптеген діндер уағыздалатын көп ұлтты Қазақстанда, Аса Қасиетті Папаның Астанаға келгені, оның еліміз үшін тілеген тілектері мен баталары әрқашан есте сақталатын болады. Ол адамзат жадында жоғары адамгершілік қуат, даналық пен сенімнің жарқын бейнесі ретінде мәңгілікке сақталады»,- делінген жеделхат мәтінінде.
Рим Папасы Иоанн Павел ІІ 2-сәуірде 85 жасқа қараған шағында ауыр науқастан қайтыс болды. Поляк кардиналы К.Войтыла 1978-жылдың 16-қазанында Апостол тағына сайланып, Иоанн Павел ІІ деген мәртебелі атқа ие болды. Ол Рим папалары тарихындағы ең ашық әрі теңдессіз қайраткер понтифик болып саналады. Мәселен, ол Рим папаларының арасынан бірінші болып лютеран шіркеуі, синагога, православиелік шіркеу мен мешітке аяқ басқан жан. 2001-жылы понтифик ресми сапармен елімізге келіп, көп ұлтты мемлекетіміздің халқына бата берді.
Жаңа Рим папасы Апостолдық конституциясында жазылған тәртіпке сәйкес, кардиналдар коллегиясының жиналысы — конклавта сайланады.