Асқар Ақаев отставкаға кету туралы хаттамаға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Ақаев отставкаға кету туралы хаттамаға қол қойды

Асқар Ақаев отставкаға кету туралы хаттамаға қол қойды

3-сәуірде Мәскеудегі Қырғызстан елшілігінде осы ел парламентінің өкілдері мен нотариустың қатысуымен Асқар Ақаев отставкаға кету туралы хаттамаға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 401
Фото - Caravan.kz

Қол қою рәсімінен кейін А.Ақаев журналистерге өкілеттілікті өткеріп беру шарттары туралы хабарлама жасады. Ол өзі мен отбасы мүшелеріне Қырғызстан аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, отставкадан кейін президентке берілетін кепілдіктер туралы заңды орындауды, сондай-ақ, Қырғызстанның бұған дейін жүктеп алған халықаралық міндеттемелерін толық орындауын талап етті.

А.Ақаевтың айтуынша, қол қойылған хаттаманың орындалуына Ресей мен Қазақстан кепіл болмақ.
А.Ақаевтың отставкаға кету туралы өтініші Бішкектегі парламент отырысында бүгін, 4-сәуірде қаралады деп күтілуде.
А.Ақаев Қырғызстан мемлекетіне 1991-жылдан бері басшылық жасап келді. Оның президенттік өкілеттілік мерзімі 2005-жылдың қазан айында аяқталуы тиіс. Қырғызстанда қазір қалыптасып отырған жағдайға байланысты кезекті президенттік сайлау 2005-жылдың 26-маусымына белгіленді.

Перейти к новостям спорта