ҚР қорғаныс министрлігі сержанттарды дайындаудың көп сатылы жүйесін құруда - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қорғаныс министрлігі сержанттарды дайындаудың көп сатылы жүйесін құруда

ҚР қорғаныс министрлігі сержанттарды дайындаудың көп сатылы жүйесін құруда

ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев кәсіби сержанттарды дайындаудың көп сатылы жүйесін құру туралы тапсырма берді. Бұл туралы Астанада өткен министрліктің жетекші қызметкерлері бас қосқан жиынның қорытындысы бойынша баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 394
Фото - Caravan.kz

Жаңалықтың мақсаты — кіші қолбасшылық құрамның біліктілік деңгейін арттыру, сол арқылы еліміздің Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындық деңгейін көтеру болып табылады. Министрлік сондай-ақ сержанттардың әлеуметтік мәртебесін көтеруді де көздеп отыр. Осы мақсатпен М.Алтынбаев сержанттардың жалақысын қосуға тапсырма берді.

Бұған қоса министрліктің басшылығына сержанттардың әскери борышын өтеу перспективасына қатысты ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. М.Алтынбаев сержанттарды бос жұмыс орындарына тағайындауға іріктеу үшін тестілеу, жинау және байқаулар өткізудің біртұтас әдістемесін жасауды тапсырды.

Перейти к новостям спорта