Қазақстан президенті Рим папасының қайтыс болуына байланысты азалы кітапқа қолтаңбасын қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Рим папасының қайтыс болуына байланысты азалы кітапқа қолтаңбасын қалдырды

Қазақстан президенті Рим папасының қайтыс болуына байланысты азалы кітапқа қолтаңбасын қалдырды

Бүгін, 4-сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Ватикан елшілігі - Апостол нунциатурасында болып, Рим папасы Иоанн Павел екіншінің қайтыс болуына байланысты азалы кітапқа қолтаңбасын қалдырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Ол адамгершілік және адамдық рухы биік, ғаламдық деңгейдегі жан еді. Ол түрлі конфессияларға қарайтын адамдар арасында өзара түсіністік пен бейбітшілік орнату үшін көп нәрсе тындырды»,- деді Н.Назарбаев.

Елбасы понтификтің 2001-жылы елімізге келгенін есіне алды. «Рим папасы көп ұлтты Қазақстанда адамдардың бейбіт өмір сүріп жатқанын жоғары бағалаған еді. Елімізде сенім мен түсіністік орныққан»,- деді мемлекет басшысы.
«Өз басым Рим папасымен Ватиканда үш мәрте бетпе-бет жүздескен едім. Мұндай жақын таныстық қайғыны тереңдете түседі. Дінбасының дұғалары бізді қолдап, ізгілік пен жанашырлыққа шақыра бермек. Барлық кардиналдар мен дүниежүзінің католиктеріне қайғысына ортақтаса көңіл айтамын»,- деді ҚР президенті.

Перейти к новостям спорта