Елімізде "Ғарыштық қызмет туралы" заң жобасы 2006 жылы әзірленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде "Ғарыштық қызмет туралы" заң жобасы 2006 жылы әзірленеді

Елімізде "Ғарыштық қызмет туралы" заң жобасы 2006 жылы әзірленеді

"Ғарыштық қызмет туралы" заң жобасы 2006 жылы әзірленеді. Бұл туралы бүгін, 4-сәуірде өткен мәжілістегі үкімет сағатында ҚР білім және ғылым министрлігі аэроғарыштық комитетінің төрағасы Алмас Қосынов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 466
Фото - Caravan.kz

А. Қосыновтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде дайындалып жатқан жобада ғарыштық қызмет саласын толық реттейтін бөлімдерді қамту көзделуде.

Ал ғарыштық қызмет мәселесін жауаптанған дербес мекеме құру туралы ұсынысқа тоқталған А.Қосынов бұл үкіметтің құзырындағы мәселе деп атап өтті.
Үкіметтік сағат аясында Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру жобасына қатысты мәселе де талқыланды. Отырыс жабық есік жағдайында өткізілді. А.Қосыновтың айтуынша, «бұл — Қазақстан- Ресей бірлескен «Бәйтерек» кәсіпорнын құру туралы келісім-шартының құпиялық сипатына байланысты».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы үкіметаралық келісімге 2004-жылдың желтоқсан айында қол қойылды.
Ал 2005-жылғы 30-наурызда Астанада «Қазақстан- Ресей бірлескен «Бәйтерек» кәсіпорны» АҚ-ның құрылтайшылық құжаттарына қол қойылды.

Перейти к новостям спорта