Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевтың отставкаға кетуіне қатысты шешімді 5-сәуірде қабылдайды деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевтың отставкаға кетуіне қатысты шешімді  5-сәуірде қабылдайды деп күтілуде

Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевтың отставкаға кетуіне қатысты шешімді 5-сәуірде қабылдайды деп күтілуде

Бүгін, 4-сәуірде Асқар Ақаев президенттік өкілеттіліктен 2005-жылдың 5-сәуірінен бастап өз еркімен бас тартатындығы туралы өтінішке қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Мәскеудегі Қырғызстан елшілігінен хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 338
Фото - Caravan.kz

Нотариус бекіткен А.Ақаевтың өтініші Бішкекке жеткізілгеннен кейін, 5-сәуірде Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевтың отставкаға кетуіне қатысты шешім қабылдайды деп күтілуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 3-сәуірде А.Ақаев пен парламент спикері Өмірбек Текебаев басқарған өкілдер арасындағы ұзаққа созылған келіссөздердің нәтижесінде бұрынғы президенттің отставкаға кету шарттары анықталған хаттамаға қол қойылды. А.Ақаев өзі мен отбасы мүшелеріне Қырғызстан аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, отставкадан кейін президентке берілетін кепілдіктер туралы заңды орындауды, сондай-ақ, Қырғызстанның бұған дейін жүктеп алған халықаралық міндеттемелерін толық орындауын талап етті.

Перейти к новостям спорта