Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын экипаждар ұшу алдындағы дайындықтан өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын экипаждар ұшу алдындағы дайындықтан өтуде

Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын экипаждар ұшу алдындағы дайындықтан өтуде

Бүгін, 4-сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын негізгі 11-ші экипаж бен қосалқы экипаж ұшу алдындағы жоспарлы дайындықтан өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2005
  • 489
Фото - Caravan.kz

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, құрамына Ресейлік ғарышкер Сергей Крикалев, АҚШ астронавты Джон Филлипс, Еуропалық астронавт, Италия азаматы Роберто Виттори кіретін негізгі экипаж бен қосалқы құрама межелі мерзімнен шамалы кешігіп, 3-сәуірде ғарыш айлағына келіп жетті. Рейстің кешігуіне Байқоңырдағы «Крайний» аэродромындағы қону алаңында мұз қатып қалуы себепкер болған. Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығының мамандары бұл оқиға экипаждардың ұшу алдындағы дайындығына кері әсер етпейді деп сендіреді.

Бүгін таңертең ғарышкерлер «Союз-ТМА-6» ғарыш кемесінде жаттығулар жүргізу үшін 254-ші алаңның монтаж-сынақ корпусына бет алды. Жаттығулар барысында экипаждар ұшып-қону кезінде қолданылатын ложементтер атты дербес анатомиялық орындықтарды дайындау үшін ғарышкерлердің дене-бітімінің гипстен жасалған құймасын әзірлеу процессінен өтіп, ложементтерді өлшеп, байланыс жүйелері мен жабдықтардың орналастырылу жағдайын тексеріп көрді.
Жаттығулар аяқтала сала, ғарышкерлер бүгін екі экипаж да Жұлдызды қалашыққа аттанады. Онда «Союз-ТМА-6» ғарыш кемесінің ұшу алдындағы дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі жүзеге асырылады. Олар ұшу алдындағы ақырғы жаттығулардан өту үшін 9-сәуірде Байқоңырға оралады.
«Союз-ТМА-6» ғарыш кемесін алып ұшатын «Союз-ФГ» зымыран тасығышы 15-сәуірде ұшырылады.

Перейти к новостям спорта