БҰҰ Қазақстандағы сот жүйесін реформалау саласындағы ілгерілеушіліктерді жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Қазақстандағы сот жүйесін  реформалау саласындағы ілгерілеушіліктерді жоғары бағалады

БҰҰ Қазақстандағы сот жүйесін реформалау саласындағы ілгерілеушіліктерді жоғары бағалады

Женевада БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясының сессиясы өтіп, онда соттар мен адвокаттардың тәуелсіздігі жөніндегі арнаулы баяндамашы Леандро Деспуи Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша баяндама жасады. Баяндамада ол Қазақстандағы сот жүйесін реформалау және қоғамды демократияландыру саласындағы ілгерілеушіліктерді жоғары бағалады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2005
  • 587
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық өкілдер Л.Деспуи мырзаға обьективті баяндамасы үшін және Қазақстандағы сот жүйесін одан әрі ізгіліктендіру жөніндегі пайдалы нұсқаулары үшін ризашылық білдірді.

Қазақстандық өкілдердің мүшелері — республика әділет министрінің орынбасары Серік Баймағамбетов пен ҚР Жоғарғы сотының судьясы Жолымбет Байышев — баяндаманы талқылау барысында форумға қатысушылардың назарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауының сот жүйесін реформалау және азаматтардың құқығын қорғау саласындағы басты идеялардан хабардар етті.

Перейти к новостям спорта