Жалақы бойынша ең жоғарғы берешек Қарғалы ауданындағы «Қызыл қайың Мамыт» кәсіпорнында тіркелді. Кәсіпорынның өз қызметкерлеріне берешегі 23 млн. теңгені құрайды. Департаменттің хабарлауынша, «бұл бір айда ғана жинақталған берешек емес».
Сонымен бірге «CNPC Ақтөбемұнайгаз» АҚ 3 млн. теңге, «Пригородный» ЖШС 2,5 млн. теңге берешегі бар. Жалақыны уақытында өтемейтіндердің қатарында «Қазхром» трансұлттық компаниясы да бар. Бұл компанияның берешегі 1,2 млн. теңгеге жеткен. Ақтөбе қалалық троллейбус паркінің берешегі 1 млн. теңге, «Трактор» МТС кәсіпорнының берешегі 950 мың теңге болды.
2005-жыл басынан бері жалақы бойынша берешек болып қалғаны үшін 18 кәсіпорынға 250 мың теңгенің айыппұлы салынды.