Теміртаудағы металлургиялық комбинатта жұмысшы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртаудағы металлургиялық комбинатта жұмысшы қаза тапты

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта жұмысшы қаза тапты

Теміртаудағы "Миттал Стил Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатында бір жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2005
  • 399
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 4-сәуірде 23 сағат 20 минутта металлургиялық комбинаттың күйдіру цехында болған. Департамент ақпаратына сәйкес, екі жұмысшы металл құятын астаушаны тазалап жатқан сәтте күтпеген жерден құлап, ыстық металл 45 жастағы жұмысшының үстіне төгілген. Жұмысшы ауыр жарақат салдарынан жедел жәрдем көлігі келмей қаза тапты.

Оқыс оқиғаның себептерін арнаулы комиссия тексеріп жатыр.