PetroKazakhstan қаржы полициясының компания басшылығына таққан айыбын "жағдайды әсіре ушықтырып жіберу" әрекеті деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
PetroKazakhstan қаржы полициясының компания басшылығына таққан айыбын "жағдайды әсіре ушықтырып жіберу" әрекеті деп санайды

PetroKazakhstan қаржы полициясының компания басшылығына таққан айыбын "жағдайды әсіре ушықтырып жіберу" әрекеті деп санайды

PetroKazakhstan қаржы полициясы таққан "PetroKazakhstan Kumkol Resources"АҚ мен "PetroKazakhstan Oil Products"ЖШС-нің президенті Пол Дворжак пен аталмыш екі компанияның қаржылық директоры Клейтон Клифт мырзаларға ҚР Қылмыстық кодексінің монополияға қарсы күрес заңын бұзу жөніндегі 196-бабы бойынша қылмыстық әрекеттерге барды деген айыпты "жағдайды әсіре ушықтырып жіберу" әрекеті деп санайды. Бұл туралы PetroKazakhstan компаниясының баспасөз қызметі таратқан түсініктемеде айтылған, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Сәуiр 2005
  • 507
Фото - Caravan.kz

Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, PetroKazakhstan ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің қылмыстық іс қозғағанына өкініш білдіреді. Компанияның пайымдауынша, бұл — «азаматтық дау-дамай» аясынан шықпайтын іс.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаржы полициясы «PetroKazakhstan Oil Products пен Монополияға қарсы күрес мекемесі арасындағы азаматтық істер бойынша ұзаққа созылған сот процесстерінен кейін» айып тағып отыр. Азаматтық іс бойынша Астана қалалық сотында жүргізіліп жатқан сот процессі күні бүгінге дейін аяқталған жоқ,- дейді компаниядағылар.
PetroKazakhstan сонымен қатар «баға белгілеу саясаты бойынша ашықтық режиміне көшу бағытындағы келіссөздер барысында біршама ілгерілеушіліктерге қол жеткізілген сәтте» аталмыш айып тағылып отыр,- деп мәлімдейді.
«Монополияға қарсы күрес мекемесі тарапынан 2002-жылы белгіленген баға Шымкент мұнай өңдеу зауытын жекешелендру жөніндегі келісім-шартына сәйкес жүктеп алған компанияның құқығына қарама-қайшы. Бұл келісім-шартқа сәйкес, Қазақстан зауытқа өзі өндірген мұнай өнімдерін еркін нарықтық бағаға сату құқығын берген»,- деп пайымдайды PetroKazakhstan.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «2002-жылы белгіленген реттемелі баға сол кезеңдегі рынок конъюнктурасына сай келмейтін. Ал қазіргі реттемелі баға рыноктағы бағадан шамамен 50 процентке арзан».
«Компанияға мәлім болғанындай, PetroKazakhstan Oil Products республика бойынша мұнай өнімдерін реттемелі бағаға сатушы бірден-бір компания болып табылады. Ал жанармай, мазут және сұйытылған газ бойынша PetroKazakhstan Қазақстан рыногындағы ірі сатушы санатына жатпайды»,- дейді компаниядағылар.
Сонымен бірге құжатта атап көрсетілгеніндей, «нарықтағы баға Ресейлік өнім сатушылар тарапынан бәсекелестік нәтижесінде анықталады. Ал Ресей өнімдері Қазақстан рыногында ешбір шектеусіз сатылатыны және Ресей тарапынан экспорттық баж салығы салынбайтыны белгілі».
Соған қарамастан, Монополияға қарсы күрес мекемесі реттейтін баға тұтынушыға ешбір пайда әкеліп отырған жоқ. Өйткені, ақырғы тұтынушы өнімдерді дистрибьюторлардан рынок бағасына сатып алады. PetroKazakhstan Oil Products үшін Монополияға қарсы күрес мекемесі белгілеген баға кірістің мұнай өңдеушіден мұнай өнімдерінің дистрибьюторларының қолына көшуіне апарып соғуда.

Перейти к новостям спорта