ҚР СІМ Азия ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бас қосуына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Азия ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бас қосуына қатысады

ҚР СІМ Азия ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бас қосуына қатысады

ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев ресми сапармен Исламабадқа аттанып кетті. Ол 5-6-сәуірде осында өтетін Азия ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің 4-бас қосуына қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2005
  • 448
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында Азия аймағындағы саяси және экономикалық өзекті проблемалар бойынша пікір алмасылады. Қ.Тоқаев Азия құрлығындағы бірқатар елдерден келген өз әріптестерімен жүздеседі деп межеленген.

Азия ынтымақтастық диалогына Жапония, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппины аралдары, Оман, Кувейт сынды Азиядағы 25 ел енеді. Қазақстан — Азия ынтымақтастық диалогына 2003-жылы мүшелікке қабылданған Орталық Азиядағы бірден-бір ел.

Перейти к новостям спорта