Жол апаты Қордай ауданында, Алматы-Тараз тас жолының 174-ші шақырымында болған. Шымкент-Алматы бағытында келе жатқан «Мерседес» автобусы аударылып қалды. Автокөлікте 35 адам отырған. Апат салдарынан 20-45 жастар аралығындағы 5 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.